Новости
№61 орта мектебінің 8-сынып оқушыларына ерекше мазмұнды дәріс өткізілді. Сабақ тақырыбы – “Ғасырдан астам тарихы бар көне мешіт (Нәметбай мешіті)”.
Дәрісті Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар жүргізді.
Оқушылар көне мешіттің тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен және мәдени маңызымен танысып, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың отан тарихына деген сүйіспеншілігін оятып, рухани жаңғыруға бастайды.
Бүгін ерекше бастама – «Әулиеата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедициясы өз сапарын Ежелгі Тараз мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Ақыртас археологиялық сәулет кешенінен бастады.⠀
Жастарға Ақыртас кешенінің бай тарихы мен аңыз-әңгімелерін музей-қорықтың экскурсоводы Ақгүл Алтынбекова таныстырды.⠀
Айта кетейік, бұл экспедиция үшінші жыл қатарынан табысты ұйымдастырылып келеді.⠀
Экспедицияға:
Мақсат – Әулиеата өңірінің тарихи мұраларын, мәдени-рухани құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
⠀Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Ақыртас археологиялық сәулет кешені жайлы арнайы сюжет 77 телеарнаның “ABROI” бағдарламасында көрсетілді.
⠀ Бағдарлама барысында кешен жайлы сан түрлі аңыз-әңгімелер, тарихи деректер, және зерттеулер айтылды.
Сұқбатты музей-қорықтың білікті тарихшысы Ақдидар Кәрібекова беріп, Ақыртастың ашылмаған сырлары мен аңыздар әлеміне шолу жасады.
⠀ Бағдарламаның толық нұсқасын келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=_G-ahzrYTnM
18 мамыр – Халықаралық музей күні!
Осыған орай Ежелгі Тараз ескерткіштері музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері Жамбыл телеарнасының “Таңғы Рауан” бағдарламасына қатысты.
Бағдарламада:
Музей-қорықтың құрылу тарихы
Қызмет ететін бөлімдер
Қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары
Ескерткіштерді қорғау міндеттері
Аңыз-әңгімелер
Қазба жұмыстары мен жәдігерлер
Қалпына келтіру және сақтау процесі туралы кеңінен айтылды.
Бұл сұхбат музей-қорықтың бай мұрасын танып-білуге үлкен мүмкіндік болды!
Мәдени мұраға бірге қамқор болайық!


Бүгін — тарих пен мәдениеттің алтын қазынасын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізетін маңызды күн. Әрбір музей — халқымыздың бай мұрасын көздің қарашығындай сақтап тұрған рухани орда.
Музей қорықтың ерекшелігі, тарихи-мәдени мұраны сақтап, насихаттап, келер ұрпаққа жеткізіп, өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Мұнда әр зат, әр экспонат – тұтас бір тарих, тағылымды шежіре.
Осы орайда, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының атқарып келе жатқан еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. 1998 жылы құрылған бұл қорық-музей Тараз қаласының 2000 жылдан астам тарихын зерттеп, сақтап, насихаттап келеді.
Музей-қорық құрамында республикалық маңызы бар 30-дан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар, олардың ішінде Ақыртас, Құлан, Баласағұн, Өрнек және Қостөбе қалашықтары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.
2011 жылдан бастап Тараз қалашығының аумағында археологиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ашық аспан астындағы музей – «Ежелгі Тараз қалашығының» археологиялық паркі құрылды.
Осы ерекше күні барша музей қызметкерлерін, тарих пен мәдениет жанашырларын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шабыттарыңыз шексіз болсын!
Тарих пен мәдениеттің алтын көпірі болған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының ұжымына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жемісті, шабыттарыңыз шексіз болсын!
20 Май 2025
670