Батырдың рухына тағзым! Бүгін даңқты қолбасшы, айтулы стратег, ержүрек жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толып отыр. Осыған орай ел жадында мәңгілікке сақталған ерліктің символына айналған тұлғаға арналған Бауыржан Момышұлы музейі ашылды.Музейде Баукеңнің өмір жолына терең бойлауға барлық жағдай жасалған. Келушілер оның балалық шағынан бастап әскери өмірі, отбасы, жеке заттары мен құжаттары қойылған арнайы көрмемен таныса алады. Әсіресе, соғыс кезіндегі басқарған батальон, полк, дивизияға қатысты құпия құжаттар сақталған темір сейф, сондай-ақ шұғылалы шинель, етік, папаха, қалпағы мен аты аңызға айналған маузері ерекше әсер қалдырады. Маузердің үстінде Бауыржан Момышұлының есімі қашалып жазылған.Бұл — тек музей емес, ұрпаққа үлгі, рух пен тарихтың алтын діңгегі. Батыр бабамыздың рухына тағзым! #БауыржанМомышұлы115жыл #БатырРухы #ҰлыДалаЕрлігі #ЖадыңдаҰста
9 мамыр – ерлік пен елдіктің, қайсарлық пен қаһармандықтың мәңгілік символы. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Ата-бабаларымыздың ерлігі ұмытылмайды, рухы мәңгі жасайды! Бейбіт күніміз баянды болсын! Жеңіс күні құтты болсын!
#ЖеңісКүні #9Мамыр #80жыл #ҰлыЖеңіс
Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бастау алған «Бір батыр – бір тарих» акциясы аясында патриоттық маңызды шара өтті.Іс-шара барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Ақгүл Алтынбекова Тараз қаласындағы Ұлттық гвардияның 5513 әскери бөлімінде болып, әр өңірден келген сарбаздарға көне шаһар – Тараздың бай тарихи мұрасын таныстырды.Көрме аясында сарбаздар ата-баба ерлігіне тағзым етіп, Ұлы Жеңістің маңызын терең сезінді.Тарихты ұлықтау – ұрпақ парызы!#Жеңіске80жыл #БірБатырБірТарих #ЕжелгіТараз #5513ӘскериБөлім #ЖеңісРухы
09 Май 2025
757