Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости

      Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қадірлі қонақтары! Сіздерді 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандарда ұйымдастырылатын Ашық есік күніне шақырамыз! 17 мамыр күні келесі тарихи орындар келушілерге есігін айқара ашады: • Айша бибі кесенесі • Бабаджа хатун кесенесі • Қарахан баба кесенесі • Дәуітпек кесенесі • Қали Жүніс тарихи моншасы • Көне Тараз археологиялық саябағы Тарихпен сырласқыңыз келсе — бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Тарихқа саяхат жасау – бүгіннен басталады!

     Өскелең ұрпақтың тарихи санасы мен патриоттық рухын қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Шерхан Мұраза атындағы Тараз университетінің бірінші курс “Тарих” мамандығының студенттеріне археология үйірмесі өтті. Еліміздің терең тарихымен, бай мәдени мұрасымен таныстырып, олардың танымдық қабілеттерін дамытты.
     Археология – бұл ежелгі өркениеттермен ерекше байланыс. Қазба жұмыстарына қатысқан студенттер, артефактілерді өз көзімен көріп, кітаптан оқығаннан гөрі әлдеқайда әсерлі тәжірибе ұштастырып, тарихқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Үйірме аясында:
– дәрістік сабақтар өтті
– археологиялық қазба жұмыстарына қатысты
– Көне Тараз археологиялық кешеннен табылған экспонаттармен танысты.
Болашақ археологтар мен тарихшылар осында қалыптасады!
Ұлттық тарихты бірге зерттейік!

    «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Өрнек қалашығына бүктеме парағы дайындалды.
    Ақпаратты ұсынушы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері. Ал көркемдік тұрғыдан безендірген «Қор сақтау және есепке алу» бөлімінің дизайнері – Г. С. Әбдібекова.
 

    М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің “География мұғалімдерін даярлау” мамандығының 1 курс студенттері үшін “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің” қызметкерлері “Оххум қалашығындағы археологиялық зерттеулер” тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
    Дәріс барысында студенттер Оххум қалашығының тарихи маңызы, археологиялық зерттеу әдістері мен табылған жәдігерлер жайында тың мәліметтер алды. Бұл шара болашақ география пәні мұғалімдерінің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және тарихи-мәдени мұраларға деген құрметін арттыруға бағытталды.
 

    Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар “JAMBYL” радиосының “Асыл қазына”бағдарламасында Таңірқазған тұрағы жайлы тың әрі құнды мағлұматтармен бөлісті.
    Бағдарлама барысында Гүлмарал Қамбар Таңірқазған ескерткішінің тарихи мән-маңызына тоқталып, ежелгі адамның өмір сүру салты, тұрмыс-тіршілігі мен археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы жан-жақты мәлімет берді. Бұл тың деректер халқымыздың бай тарихына деген қызығушылықты арттырып, өткенді тереңірек тануға жол ашады.