Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университет білімгерлеріне «Жалпақтөбе қалашығы» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында музей-қорыққа қарасты республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштің тарихы, археологиялық ерекшеліктері мен сол ескерткіштерге байланысты аңыз-әңгімелер айтылды.  Бұл кездесу — жастардың тарихи сана-сезімін оятып, ұлттық мұраны қадірлеуге бағытталған маңызды қадам болды.

 

       «Ұрпақтар сабақтастығы арқылы жеткен Жеңіс» жалпыреспубликалық акциясы аясында «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Кәрібекова Ақдидар Жәнібекқызы Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Тарих» мамандығының 1-курс студенттеріне дәріс өткізді.      

      Кездесу барысында тарихшы соғыс жылдарындағы қазақстандық батырлардың ерлігі, олардың есімін ұрпақ жадында мәңгілікке қалдырудың маңызы туралы айтып, тарихи деректермен бөлісті. Бұл дәріс жас ұрпаққа патриоттық рух беріп, тарихи сана қалыптастыруда ерекше рөл атқарды. #ұлыжеңіске80жыл #ежелгітаразескерткіштері

 

    «Қызғалдақ фестивалі» аясында Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына келген туристер көне тарихпен қауышып, табиғатпен үйлескен ғажайып көріністерге куә болды.

   Көңілдері шат, жүректері риза меймандар шынайы алғыстарын білдіріп, Тараздың тылсым тарихынан рухани әсер алды.  Тараз – мәңгілік мұра мекені!

 

     Бірлік күніне орай “Тарих толқынындағы Тараз” жылжымалы көрмесі өтті! Бүгін Тараз қаласындағы №3 Өзбек мектебінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп ұйымдастырылған “Тарих толқынындағы Тараз” атты жылжымалы көрме өтті.Іс-шара аясында мектеп оқушылары арасында зияткерлік жарыс ұйымдастырылып, көрменің мазмұны оқушылардың қызығушылығын арттырды.Көрмені «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова таныстырып, оқушыларға аймақтағы тарихи ескерткіштер жайында қызықты мәліметтермен бөлісті.Шараның мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихқа деген қызығушылығын ояту, ортағасырлық қалалар мен сәулет өнерін таныту, сондай-ақ ежелгі жәдігерлердің мән-маңызын түсіндіру болды.#БірлікКүні #ТарихТолқынында #ЕжелгіТараз #ЖылжымалыКөрме #МәдениМұра #ЖасұрпақЖадында