Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости
       Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасына Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова сұхбат беріп, арнайы түсірілімге қатысты.
       Жобада музей-қорыққа қарасты:
• Айша бибі,
• Бабаджа хатун,
• Қарахан баба
• және Дәуітбек кесенелері жайлы құнды әрі тың деректермен бөлісті.
Толық түсірілімді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:   https://youtu.be/G4Yude1yvYw?si=xSeLzt9ISuqJtCnk
 

        Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің өкілінің қатысуымен мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге бейінді ұйымдарға ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру тәртібін түсіндіру мақсатында семинар өтуде.
        Аталған шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизхан қатысып, кәсіби тәжірибесін тереңдетіп, өз білімін шыңдап жатыр.
        Семинарға Министрлікке қарасты музейлер мен музей-қорықтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты мамандары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәдениет саласындағы ғылыми жобаларды жүзеге асыратын қызметкерлері де қатысуда. Бұл бастама еліміздегі мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
 

       Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан келген қадірлі қонақтарымыз Көне Тараз ашық аспан астындағы археологиялық кешеніне келіп, ежелгі қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жүздеген тарихи жәдігерлермен танысты.
       Қонақтар Х ғасыр мен ортағасырлық өркениет белгілерін көріп, Тараздың мыңжылдық тарихына ерекше ықыласпен үңілді. Қыш құмыралар, шырағдандар, хум ыдыстары, темір және әшекей бұйымдар – барлығы да халқымыздың терең тамыры мен рухани мұрасының айғағы.
       “Біз тарихпен бетпе-бет кездескендей болдық”, – деген әсермен бөлісті меймандар.
       Сіз де ежелгі Тараздың тылсым тарихына үңіліп, өткеннің үнін сезінгіңіз келсе – бізге келіңіз!
 
 

       Қазақ халқының төл өнері мен рухани мұрасының символына айналған домбыра – ұлттың үнін, тарихын, жүрек лүпілін жеткізетін киелі аспап.
       Бүгінгі күн – халқымыздың баға жетпес байлығын ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа ұлттық өнердің қадір-қасиетін дәріптейтін маңызды мереке.
      «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы бұл күні барлық өнерсүйер қауымды күй күмбірімен үндесіп, ата-бабамыздың асыл мұрасын бірге насихаттауға шақырады.
      Домбыраның үні – елдің үні!  Домбыраның жолы – халықтың жолы!
 

       Тарих ғылымдарының докторы, сенатор Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Жамбыл облысына сапары барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығы мен Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясының жұмысымен танысты.
      Кездесу барысында:
      Ақыртас пен Көне Таразда QR-код арқылы төлем жүйесі енгізілгені хабарланды;
      Келушілерді нақты есепке алу үшін турникеттер, ал мәдени мұраны қолдауға арналған мультивалюталық қайырымдылық жәшіктері орнату жобасы басталды.
 Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі:
      «Тараз қаласы – бүкіл түркі дүниесінің тарихи-мәдени бастау көзі. Бұл мекен ЮНЕСКО қаласы атануға лайық» деп атап өтті.
     Сонымен қатар, жастарға үлкен сенім артатынын жеткізіп, оларды тарихты жаңғыртуға белсенді қатысуға шақырды.
     Кездесуде ескерткіштерді қалпына келтіру мен қорғаудың өзекті мәселелері мен келешек жоспарлар да сөз болды.
     Жиын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемовтың жетекшілігімен өтті. Тарих – біздің болашағымыздың іргетасы.
     Ежелгі Таразда бұл бағытта нақты қадамдар жасалып жатыр!