Жамбыл Жабаевтың жыр мұрасы мен ескерткішіне арналған дәріс өтті
24.11.2026
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Жамбыл бейнесі – жыр мен елдік рухтың мәңгілік ескерткіші» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің тарихшысы Айжан Борамбаева жүргізді.
Кездесу барысында Жамбыл Жабаевтың халық поэзиясына қосқан үлесі, өлең-толғауларындағы елдік идеялар және ақын есімін иеленген ескерткіштің тарихи-мәдени сипаты сөз болды.


