Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Оқушыларға Қарақожа мешітінің тарихы таныстырылды

19.11.2026
Оқушыларға Қарақожа мешітінің тарихы таныстырылды
С. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 5-сынып оқушыларына «Талас өңірінің тарихи ескерткіштерінің бірі – Қарақожа мешіті» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
 
Дәрісті «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы жүргізді.
 
Дәрістің мазмұны Қарақожа мешітінің өңір тарихындағы орны мен тарихи ескерткіш ретіндегі маңызын танытуға арналды.
Бөлісу: