Оқушыларға Жүнісбай мешітінің тарихы таныстырылды
18.11.2026
Тараз қаласындағы №49 мектептің 9-сынып оқушыларына «Тараздың рухани тынысы – Жүнісбай мешіті» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәрісті «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің тарихшысы Айжан Боранбаева жүргізді. Кездесу барысында мешіттің тарихы, сәулеттік сипаты және Тараздың тарихи келбетіндегі орны туралы баяндалды.


