«Ақтөбе қалашығында жүргізілген зерттеулер» тақырыбында дәріс
16.11.2026
Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-курс студенттеріне «Ақтөбе қалашығында жүргізілген зерттеулер» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесуде Ақтөбе қалашығының тарихы мен археологиялық ерекшеліктері, ескерткіш аумағында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары қамтылды. Студенттерге археологиялық қазба барысында анықталған тарихи деректер, табылған жәдігерлер және олардың ғылыми маңызы туралы мәлімет берілді.
Дәріс студенттердің өңірдің археологиялық мұрасы мен тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмыстары туралы білімін толықтыруға бағытталды.


