Ежелгі Тараз

«Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізі маршруттарының желісі» сериялық трансұлттық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімі

Ескерткіштер картасы

6 ескерткіш

Ескерткіш туралы ақпаратты көру үшін маркерді басыңыз

Беттер

Logo Ежелгі Тараз

Баласағұн қаласы

Баласағұн қаласы немесе Бурана қалашығы (Х-ХІV ғғ.) Х ғасырдың басында құрылған ортағасырлық Баласағұн қаласымен (Күз-Орда, Күз-Ұлыс) бірмәнді сәйкестендіріледі. Оның ортағасырлық күйдірілген кірпіш мұнарасы, "Борана мұнарасы" бірінші болып көзге түседі. Ол Х ғасырдың аяғына жатады және Орталық Азиядағы ең ерте сақталған мұнаралар болып саналады.

Толығырақ
Ақыртас сәулет-археологиялық кешені, VIII-XIV ғасырлар

Ақыртас сәулет-археологиялық кешені, VIII-XIV ғасырлар

Ақыртас — Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол станциясынан 6 км оңтүстікте Қырғыз Алатау бөктерінде орналасқан.Осыдан екі ғасыр бұрын тастан қаланған алып құрылыс Ақыртас кешені анықталған болатын.

Толығырақ
Құлан қалашығы,VI ғасыр - XIII ғасырдың басы

Құлан қалашығы,VI ғасыр - XIII ғасырдың басы

Құлан қалашығы Т.Рысқұлов  ауданы, Құлан  ауылының  маңында  орналасқан.Зерттеушілер Луговое қаласын бip ауыздан Жетісудың ортағасырлық белгілі қаласы Құланмен тепе-теңестіреді. Құлан қалашығы алғаш рет VІІ ғ. бірінші жартысына жататын жазба деректерде кездеседі.

Толығырақ
Ақтөбе қалашығы,VI-XIII ғасырлар

Ақтөбе қалашығы,VI-XIII ғасырлар

Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде, Ақсу өзенінің қос жағалауында орналасқан. Ұлы Жібек жолы бойында тұрған ірі қала қирандыларының қатарына көне Ақтөбе қаласы да кіреді.

Толығырақ
Қостөбе қалашығы, VI-XII ғасырлар

Қостөбе қалашығы, VI-XII ғасырлар

Қостөбе қалашығы Сарыкемер ауылынан шығысырақта,  жайылмадан жоғары қолайлы ашық алаңда орналасқан. Қалашық VІ ғ. Түркістанға қоныс аударған бұхар соғдыларымен негізі қаланған және Жамукат (Хамукат) қаласына сәйкес келеді. Жамукат туралы түсініктемелер Х ғ.географы әл-Макдисиде, сондай-ақ Нершахидің «Тарих-и-Бұхарасында» кездеседі.

Толығырақ
Өрнек қалашығы, VIII-XII ғасырлар

Өрнек қалашығы, VIII-XII ғасырлар

Өрнек қалашығы Өрнек ауылының оңтүстігінде 7,7 км қашықтықта, Алтынсу өзенінің жағалауында, Сұлутөр шатқалында орналасқан. 2011 жылы ескерткіштер Жинағы экспедициясы С.Пəрменқұл, Ш.Құдабаев зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған.

Толығырақ