Оқушының ғылыми жобасына әдістемелік қолдау көрсетілді
25.11.2026
Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Есберген Алина «Көне Тараздағы теңгелер және қаладағы сауда-қолөнердің дамуы» тақырыбында ғылыми жоба әзірлеуде. Зерттеу жұмысы көне қаладағы ақша айналымы, сауда-саттық пен қолөнердің даму тарихын зерделеуге арналған.
Оқушыға ғылыми ізденіс барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің мамандары әдістемелік көмек көрсетті. Мамандар зерттеу тақырыбына қатысты тарихи деректер ұсынып, ғылыми жұмысты әзірлеу бойынша бағыт-бағдар берді.



