Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Тәңірқазған тұрағы және халық аңыздары» тақырыбында дәріс өткізді.

11.11.2026
«Тәңірқазған тұрағы және халық аңыздары» тақырыбында дәріс өткізді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы С. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 5-сынып оқушыларына «Тәңірқазған тұрағы және халық аңыздары» тақырыбында дәріс өткізді.
 
Кездесу барысында оқушылар Тәңірқазған тұрағының зерттелу кезеңдері, археологиялық олжалары мен тарихи орны туралы ақпарат алды. Сонымен қатар ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты деректермен танысты.
Дәріс туған өлкенің көне тарихын танытуға, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға және ескерткіштерді қорғаудың маңызын түсіндіруге арналды.
Бөлісу: