Көне монша – ортағасырлық өркениет айғағы
06.11.2026
Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларына «Тараз қалашығындағы көне монша – өркениет айғағы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәрісті музей-қорықтың «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Айжан Борамбаева жүргізді.
Дәріс барысында ортағасырлық Тараз қаласының тарихы, моншаның сәулеттік ерекшеліктері мен тарихи-мәдени маңызы туралы баяндалды. Сонымен қатар сол кезеңдегі қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, тазалық мәдениеті және моншаның қоғамдық өмірдегі орны жөнінде мәліметтер берілді.
Кездесу оқушыларға Тараздың бай тарихи мұрасымен жақынырақ танысып, ортағасырлық қала мәдениетінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.


