Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Халықаралық конференцияда Айша бибі кесенесінің тарихи-мәдени маңызы таныстырылды

09.11.2026
Халықаралық конференцияда Айша бибі кесенесінің тарихи-мәдени маңызы таныстырылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «VІ Арғынбаев оқулары. Тарихи-этнография және музейдің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
 
Ғылыми жиынға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Шаизхан қатысып, «Айша бибі кесенесінің Орталық Азиядағы тарихи, мәдени және архитектуралық маңызы» тақырыбында баяндама жасады.
 
Конференция барысында отандық этнологияның өзекті мәселелері, тарих, археология, антропология және басқа да сабақтас ғылымдардың зерттеу бағыттары, сондай-ақ заманауи музей қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды. Ғалымдар мен музей мамандары ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Бөлісу: