Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Мәдени мұра – ортақ құндылығымыз» тақырыбында ұйымдастырылған тимбилдинг іс-шарасы

30.04.2026
«Мәдени мұра – ортақ құндылығымыз» тақырыбында ұйымдастырылған тимбилдинг іс-шарасы
«Мәдени мұра – ортақ құндылығымыз» тақырыбында ұйымдастырылған тимбилдинг іс-шарасы Ақыртас сәулет-археологиялық кешенінде өтті. Іс-шараны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Ержан Асқанбайұлы ашып беріп, жиынның маңыздылығына тоқталды.
 
Кездесу барысында тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және насихаттау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, археологиялық зерттеулер мен жаңа бастамалар бойынша мазмұнды пікір алмасу жүзеге асты.
Шарада:
– ғылыми қызметкер Мадина Мананбайқызы
– тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, археолог Сейдахан Уәлиұлы
– PhD докторант, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Зооархеология зертханасының меңгерушісі Мамбет Сапарбекұлы
– тарихшы-археолог Ескендір Санжарұлы
– аға қызметкер Гаухар Тешебайқызы
– Тараз қалалық 61 мектебінің Тарих пәнінің мұғалімі, магистр Жаннур Бегалиевна өз баяндамаларын ұсынып, құнды ой-пікірлерімен бөлісті.
 
Іс-шара кәсіби байланыстарды нығайтып, мекемелер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға және ортақ жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін берді.

Галерея

Бөлісу: