Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Құлан қалашығының ғылыми зерттелуі туралы дәріс өтті

02.11.2026
Құлан қалашығының ғылыми зерттелуі туралы дәріс өтті
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-курс студенттеріне дәріс оқыды.
 
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған дәріс «ЮНЕСКО тізіміндегі Құлан қалашығының ғылыми зерттелуі» тақырыбына арналды.
 
Кездесу барысында Құлан қалашығының тарихы, археологиялық зерттелу барысы және қазба жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Сонымен қатар қалашыққа қатысты тарихи деректер мен ғылыми зерттеулердің маңызы түсіндірілді.
Бөлісу: