Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің негізі
13.11.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттау, оның негізгі қағидаттары мен құндылықтарын түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі, қоғамдық келісім және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен қорғаудың құқықтық және қоғамдық маңызына назар аударылды. Осы бағытта музей-қорықтың қарамағындағы Айша бибі, Қарахан кесенелері, Қали Жүніс моншасы, Ақыртас сәулет-археологиялық кешені мен Көне Тараз қалашығының тарихи құндылығы таныстырылды.
Тарихи ескерткіштерді қорғау, мәдени мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және оны келер ұрпаққа жеткізу музей-қорық қызметінің басым бағыттары ретінде атап өтілді. Дөңгелек үстел аясында қатысушылар тақырыпқа қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, құқықтық мәдениет пен тарихи сана қалыптастырудағы ортақ жауапкершілік мәселелерін сөз етті.



