«Жәдігерлер әлеміне саяхат» тақырыбында оқушыларға арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды
04.06.2026
Іс-шара барысында қатысушылар музейдің қор сақтау бөлімінде сақталған құнды жәдігерлермен танысты. Олар арнайы орнатылған QR-кодтар арқылы әрбір жәдігердің сипаттамасын, шығу тарихын және тарихи-мәдени маңызын толыққанды меңгерді.
Танымдық кездесу жас ұрпақтың тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталды.



