«Тарихы терең Меркі қалашығы» тақырыбында танымдық дәріс
11.03.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Тарихы терең Меркі қалашығы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге Меркі қалашығының тарихы, археологиялық зерттелуі және оның тарихи-мәдени маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді.
