«Тарих және бүгінгі заман: ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
06.02.2026
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген тарих мәселелері аясында «Тарих және бүгінгі заман: ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері Мадина Мананбайқызы мен Гүлмарал Үшкемпірқызы қатысып, Ежелгі Тараз өркениетін тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы таныту бағытында баяндама жасап, мазмұнды пікірталасқа қатысты.
