Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №32 орта мектебінде дәріс өткізілді
12.03.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке Ерғабылқызы 9-сынып оқушыларына «Дәуітбек кесенесі – өткеннен жеткен өнеге» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Дәуітбек кесенесінің тарихы, оның киелі орын ретіндегі маңызы және сәулеттік ерекшеліктері туралы кеңінен айтылды. Оқушыларға тарихи ескерткіштердің құндылығы түсіндіріліп, туған өлкенің тарихын тануға қызығушылықтарын арттыру мақсатында маңызды мәліметтер ұсынылды.
