«Тараз – бабалар мұрасын сақтаған шаһар» тақырыбында жылжымалы көрме
20.02.2026
И.Панфилов атындағы № 39 мектеп-гимназиясында өткен «Тарих және жаһандық құзыреттілік» пәндері апталығы аясында «Тараз – бабалар мұрасын сақтаған шаһар» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырып, халқымыздың терең тарихымен таныстырғаны үшін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына алғыс білдіреміз. Еліміздің мәдени мұрасын сақтап, насихаттау жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.
