Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Сарайшық оқулары - 2026» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

16.04.2026
«Сарайшық оқулары - 2026» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен 2026 жылы 15 сәуірде «Сарайшық оқулары - 2026» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Атырау, Алматы, Түркістан, Қостанай, Тараз, Талдықорған қалаларынан келген жетекші ғалымдар, өлкетанушылар мен сала мамандары қатысты.
 
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері Шалкеева Жұлдыз, Ибадильдаева Мадина, Қамбар Гүлмарал, Орынбасар Ақерке онлайн форматта баяндамаларын оқыды.
 
Конференцияның мақсаты: ортағасырлық қалалар, қоныстар тарихын зерттеу, жаңа ғылыми деректерді, ұстанымдарды жинақтау. Археология, тарих, этнография, мәдениеттану салаларындағы заманауи ғылыми жобаларды талқылау және ғылыми қауымдастықпен бөлісу.
 
 

Галерея

Бөлісу: