Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Республикалық олимпиада қатысушылары мен жетекшілеріне экскурсия ұйымдастырылды

07.04.2026
Республикалық олимпиада қатысушылары мен жетекшілеріне экскурсия ұйымдастырылды
          Тараз қаласында 10–11 (12) сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңі өтті. Білім бәйгесіне еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген дарынды оқушылар қатысты.
           Республикалық  олимпиада  аясында  қатысушылар  мен  олардың жетекшілеріне Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі мен «Көне Тараз» археологиялық паркіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтар көне шаһардың бай тарихи-мәдени мұраларымен танысып, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бірегей ескерткіштердің мән-маңызына терең бойлады. Мекеме экскурсоводтары әрбір нысан бойынша мазмұнды әрі танымдық мәлімет ұсынып, олардың тарихи ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.
 
Бөлісу: