Қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды!
25.05.2026
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірқатар қызметкерлері марапатталды.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау ісіндегі кәсіби еңбегі мен мәдениет саласына қосқан үлесі үшін қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан Алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар, музей-қорық басшысы Нұржан Мергенбайұлының Алғыс хаттарымен де мекеме қызметкерлері марапатталып, олардың музей ісін дамыту бағытындағы еңбектері жоғары бағаланды.
