Қазақстандағы тарихи моншалардың зерттелуі мен сақталуы талқыланды
05.10.2026
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы тарихи моншалардың зерттелуі мен сақталуы» тақырыбында республикалық ғылыми семинар өтті.
Zoom платформасында өткен семинарда Қазақстан аумағындағы ортағасырлық моншалардың археологиялық зерттелуі, тарихы, сәулеттік ерекшеліктері және сақталу мәселелері қарастырылды.
Баяндамаларда Тараз, Қойлық (Қаялық), Отырар, Сарайшық қалашықтарындағы ортағасырлық моншалар, Шығыс моншасы және Қызылордадағы «Қалалық монша» ғимараты туралы зерттеулер таныстырылды. Сонымен қатар Қали Жүніс моншасына қатысты зерттеу нәтижелері ұсынылды.





