Көне Тараздың туристік әлеуеті таныстырылды
28.09.2026
Халықаралық туризм күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туризм және сервис» кафедрасы студенттеріне «Көне Тараз – Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасы» тақырыбындағы жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Көрме барысында студенттерге Көне Тараз қалашығынан табылған археологиялық жәдігерлер таныстырылып, олардың тарихи және мәдени маңызы туралы ақпарат берілді. Іс-шарада Тараздың Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи орны, археологиялық мұра нысандарының туристік бағыттарды дамытудағы маңызы сөз болды. Сонымен қатар студенттер Көне Тараздың туристік әлеуеті жөнінде пікір алмасты.
Жылжымалы көрме тарихи-мәдени мұраны жас ұрпаққа таныстыруға және Тараздың туристік мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға бағытталды.


