Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Тараз – тарихы тұнған тағылымды мекен» тақырыбында көрме ұйымдастырылды

24.09.2026
Тараз – тарихы тұнған тағылымды мекен» тақырыбында көрме ұйымдастырылды
Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында «Тараз – тарихы тұнған тағылымды мекен» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
 
Көрмеде Тараздың ежелгі дәуірден бастау алатын тарихы, Ұлы Жібек жолы бойындағы орны, қала аумағындағы археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштер туралы деректер ұсынылды. Сонымен қатар көне шаһардың өткенінен хабар беретін археологиялық жәдігерлер таныстырылып, олардың ерекшеліктері мен тарихи мәні түсіндірілді.
 
Көрме оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттырып, Тараздың тарихи мұрасын тереңірек тануына мүмкіндік берді.
 
Бөлісу: