«Ортағасырлық Жалпақтөбе қалашығының зерттелу тарихы» тақырыбында мазмұнды дәріс
03.02.2026
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туристік бизнес» мамандығының 4 курс студенттеріне «Ортағасырлық Жалпақтөбе қалашығының зерттелу тарихы» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Дәріс барысында Жалпақтөбе қалашығының зерттелу кезеңдері, тарихи маңызы және археологиялық деректер кеңінен сөз болды. Студенттер сұрақтарына жауап алып, құнды мәліметпен танысты.
