«Өлкенің жас археологы» атты үйірме ұйымдастырылды
01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Өлкенің жас археологы» атты үйірме ұйымдастырды. Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 100-ге жуық студенті қатысты.
Танымдық үйірме үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде өлкетанушы, тарихшы Сейтжан Рысбекұлы дәріс өткізіп, қатысушыларға өңір тарихы мен археология саласының ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпарат берді. Екінші кезеңде музей қызметкерлері студенттерді бірнеше топқа бөліп, экспозициялар бойынша танымдық экскурсия жүргізді. Ал үшінші кезеңде қатысушылар арнайы құралдардың көмегімен қазба жұмыстарының тәжірибелік үлгісіне қатысып, археологиялық зерттеу үдерісімен танысты.
Іс-шара жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, өлкетану саласына деген танымын кеңейтуге бағытталды.
