Музей-қорық қызметкерлері қазба алаңында болып, зерттеу жұмыстарының барысымен танысты
23.07.2026
Ортағасырлық Ақжар қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында музей-қорық қызметкерлері қазба алаңында болып, зерттеу жұмыстарының барысымен танысты.
Экспедиция кезінде ХІ–ХІІ ғасырларға жататын керамикалық бұйымдар мен өзге де археологиялық жәдігерлер көрсетіліп, олардың ғылыми маңызы таныстырылды. Сонымен қатар Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, археолог, PhD докторы Ақымбек Ералы Шардарбекұлы археологиялық зерттеу әдістері, қазба барысында табылған керамикалық бұйымдарды зерттеу және ғылыми сипаттау ерекшеліктері жөнінде тәжірибесімен бөлісті.






