«МУЗЕЙ ӘЛЕМІ» журналында ғылыми мақала жарияланды
08.07.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Жұлдыз Шалкееваның «Қали Жүніс моншасының салыну тарихы және өңірлік мәдениеттегі орны» атты ғылыми мақаласы «МУЗЕЙ ӘЛЕМІ» журналында жарық көрді.
Мақалада Қали Жүніс моншасының салыну тарихы, сәулеттік ерекшеліктері және өңірдің тарихи-мәдени мұрасындағы орны ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырылған.








