«Қарахан кесенесінің өнері» тақырыбында танымдық дәріс
03.03.2026
М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде танымдық дәріс өтті!
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Орынбасар Акерке Ерғабылқызы “Менеджмент” мамандығының 3 курс студенттеріне «Қарахан кесенесінің өнері» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында Қарахан кесенесі ескерткішінің салыну тарихы, сәулеттік-көркемдік ерекшеліктері, өрнек-нақыштарының мәні мен тарихи-мәдени маңызы кеңінен баяндалды.
