«Көне Тараздың құпия сырлары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды
11.06.2026
Тараз қаласындағы №66 мектеп жанындағы жазғы лагерьде оқушыларға арналған танымдық көрме өтті. Көрмеге көне Тараз қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер қойылды.
Оқушылар қыш ыдыстар, көне тиындар мен тұрмыстық бұйымдар арқылы ортағасырлық Тараздың тарихы және мәдениетімен танысты.
Танымдық шара жас ұрпақтың тарихи мұраға қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
