Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Көне Тараз: Ұлы Жібек жолының жүрегіндегі қала» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізілді

04.02.2026
«Көне Тараз: Ұлы Жібек жолының жүрегіндегі қала» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізілді

             Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке Ерғабылқызы Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің 10 «А» сынып оқушыларына «Көне Тараз: Ұлы Жібек жолының жүрегіндегі қала» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.

            Дәріс барысында көне Тараз қаласының қалыптасу тарихы, Ұлы Жібек жолындағы орны, тарихи маңызы мен археологиялық деректері кеңінен қамтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, құнды мәліметтермен танысты.

Галерея

Бөлісу: