«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде танымдық кездесу ұйымдастырылды
01.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласының оқушылары үшін «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында жасөспірімдер көне Тараз қаласының тарихымен танысып, өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасы жөнінде мазмұнды ақпарат алды. Экскурсияны Еркен Баймурза мен Жасұлан Жұмағалиев жүргізіп, қатысушыларға тарихи деректер мен құнды мәліметтер ұсынды.
