Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

«Ескерткіштер туралы не білеміз?» атты TEDx іс-шарасын ұйымдастырылды

08.04.2026
«Ескерткіштер туралы не білеміз?» атты TEDx іс-шарасын ұйымдастырылды

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп, жаңа форматта «Ескерткіштер туралы не білеміз?» атты TEDx іс-шарасын ұйымдастырды.

«TED» – «Technology, Entertainment, Design» (Технология, Көңіл көтеру, Дизайн) сөздерінің қысқартылған атауы, ал «X» – іс-шараның тәуелсіз түрде ұйымдастырылып, қатысушыларға өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретіндігін білдіреді.

Іс-шараның мақсаты – Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау, ұлттық мұраға деген құрметті арттыру және жастардың тарихи санасын қалыптастыру. Сонымен қатар ғылыми зерттеулердің өзектілігін арттыру, ғалымдардың идеяларын кеңінен насихаттау және ғылыми ойды қоғаммен байланыстыру арқылы инновациялық мәдениетті дамыту көзделді.

Іс-шараның ашылуында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мергенбай Нұржан Мергенбайұлы және М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Еркінбаева Ләззат Қалымбекқызы құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Көне Тараз» қалашығы тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді.

Іс-шарада келесі ғалымдар мен оқытушылар баяндама жасады:

– Тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуалы Асқар Бегаділұлы;

– Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы;

– Аталған орталықтың басшысы, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Максутова Альбина Әбеновна;

– Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейтқұлова Жанна Мамбетовна;

– Тарих ғылымдарының магистрі, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Сейдан Замира;

– М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті Дулати музейінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының магистрі Қалабаева Ақсауле Тортайқызы;

– Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Тобажанов Рахат Тобажанұлы;

– «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері Самбетова Гаухар Тешебайқызы.

Галерея

Бөлісу: