Бүгін Наурызнаманың онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу күні
13.03.2026
Айтулы мереке қарсаңында Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Жамбыл облысы “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұжымымен Достық үйінде көрісіп, мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар бір-бірімен амандасып, ақжарма тілектерін білдіріп, ұлттық дәстүрді дәріптеді. Көрісу күні – татулық пен сыйластықтың, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын көрінісі. Мерекелік кездесу достық пен бірлікті нығайтып, Наурыз мейрамының мән-маңызын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Ұжымдар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, елге амандық, береке-бірлік тіледі.
