Ақыртас сарай кешені аумағында «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы аясында іс-шара ұйымдастырылды
20.04.2026
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ЮНЕСКО тізіміне енген бірегей тарихи нысан – Ақыртас сарай кешені аумағында «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы аясында кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған бастама Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде өтті. Негізгі мақсат – тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, оларды қорғау және қоғамда экологиялық жауапкершілікті нығайту.
Іс-шараға Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығы, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы», Азаматтық Альянс пен Жастар басқармасы атсалысып, нысан аумағында тазалық пен көркейту жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды бөлімде Ежелгі Тараз тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова қатысушыларға тарихи мұраны қорғаудың мән-маңызы туралы мазмұнды мәлімет ұсынып, жас буынның ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті.
Шараға 150-ге жуық жас қатысып, ортақ іске белсенділік танытты. Бұл бастама – тарихқа тағзым жасап, келер ұрпаққа аманат қалдырудың айқын үлгісі!
