Абдулла Ишан мешітін қалпына келтіру жұмыстары: тарихы мен тәжірибесі
08.10.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 1-курс студенттеріне Абдулла Ишан мешітінің қайта қалпына келтірілуіне арналған дәріс өткізді.
Дәрісте мешіттің тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері таныстырылып, нысанды қалпына келтіру жұмыстарының барысы түсіндірілді. Сондай-ақ ескерткіштің бастапқы сәулеттік келбетін сақтау үшін атқарылған жұмыстар мен тарихи-мәдени мұраны қорғау мәселелері қарастырылды


