Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Айша бибі — Бабаджа хатун» кесенелерінде, кәсіпорын қызметкерлері тазарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үстінде. «Айша бибі – Бабаджа хатун» кесенелері аймағындағы шөптер орылып, егілген ағаштар мен гүлдерді түрлі жәндіктерден залалсыздандыру, дәрілеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, кесенеде сырлау жұмыстары атқарылып, ылғалды тазалау жүргізілді.

Кезекті мониторинг жұмыстары Ақыртас сәулет-археологиялық кешені, Айша бибі кесенесі, Бабаджа Хатун кесенесі, Жікіл қалашығында жалғасуда.

2024 жылдың шілденің алғашқы күндерінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-жапсарын білу мақсатында кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тарих және мәдениет ескерткіштердің қатарында: Әбдіқадыр мешіті, Әулие ата (Жүнісбай) мешіті, Қали Жүніс моншасы, Жамбыл Жабаев ескерткіші, Тектұрмас кесенесі, Талас өзенінен өтетін ортағасырлық көпірдің қирандылары және Тараз қалашығы, Қарахан, Дәуітбек кесенелері бар.

   

Ағымдағы жылдың 3 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сыбайлас жемқорлық – өмірлік мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жиын барысында комплаенс қызметінің маңыздылығы, қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұжымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы айтылып, қызметтерін адал атқаруға шақырылды.
  
«Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбындағы ғылыми экспедиция
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Бабадан қалған қолтаңба» ғылыми экспедиция мүшелері Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылында орналасқан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына арнайы іссапармен барды. Тасын түртсе тарихы сөйлейтін Тараз қаласынан киелі Таңбалы жеріне ат басын бұрған экспедиция тобы XI–XII ғасырлардағы көне дәуір шежіресі болып табылатын, жартас өнерін сақтап қалған, отандық және шетелдік туристер мен зерттеушілердің зор қызығушылығын тудырып отырған, ерекше тарихи аймақ «Таңбалы»тастар мекеніне барып, тарихымен танысып қайтты. Сапар барысында экспедиция мүшелері тәжірибе алмасу мақсатында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мамандармен пікір алмасты. Сонымен қатар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Алматы облысына бағытталған сапарының мақсаты мен музей-қорықтың рухани жаңғыру жолындағы тарихи ізденістері мен атқарған жұмыстары жайлы мәлімдеді.