Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости

Новости

Ағымдағы жылдың 1 қазанында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «ЖІБЕК ЖОЛЫ: ЧАНЬАН-ТЯНЬ-ШАНЬ ДӘЛІЗІНІҢ МАРШРУТТЫҚ ЖЕЛІСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАШЫҚТАРЫ» тақырыбында Қытай Халық Республикасының Тунжень қаласындағы «Тунжень политехникалық колледжінің» оқытушылары мен студенттеріне ХАЛЫҚАРАЛЫҚ дәріс өткізді. Дәріс барысында музей-қорыққа қарасты Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтарының, «Ақыртас» кешенінің тарихы, аңыз-әпсаналары баяндалды. Сонымен қатар орта ғасырда өркениеті мен мәдениеті дамыған «Тараз қалашығы», Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Айша бибі кесенесі мен Тараз қаласына 100 жыл бойы Әулиеата есімі берілген Қарахан бабының кесенесі туралы да мағлұмттар берілді. Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

    

 

 

Халықаралық туризм күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» археологиялық саябағында «Дәуірлер көшіндегі Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына 2011-2017 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды әрі бірегей жәдігерлер таныстырылды. Келуші қонақтар жылжымалы көрмені ерекше қызығушылықпен тамашалады.

    

2024 жылдың 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ҒЖБМ ҒК Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының қатысуымен қазақтың ірі атақты этнолог-ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Арғынбаев Халел Арғынбайұлының 100 жылдығына арналған «V Арғынбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлкеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Жаннур Бегалиевна Мусабаева музей-қорыққа қарасты республикалық маңызы бар ескерткіштеріне «Исследования городища Костобе в VI–XII вв.» және «VI-XII ғғ. Жалпақтөбе (Жікіл) қалашығы туралы зерттеулер» атты ғылыми мақалалар жазып, ZOOM бағдарламасымен онлайн қатысты.
   

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет және ақпарат министрлігі болып өзгертілуіне байланысты Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар ескерткіштердің қорғау тақтайшаларына жаңартылу жұмыстары жүргізілді.

   

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты халықаралық маңызы бар Құлан қалашығының ақпараттық стендттері жаңа мәліметтермен толықтырылды.