Ағымдағы жылдың 12 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта екі тараптар өзара тиімді ынтымастық шеңберінде тығыз әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобалар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Мадина Мананбайқызы «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында сұхбат берді. Сұхбат барысында ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында салынған Тектұрмас кесенесі жайында аңыз әңгімелермен бөлісті.



«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбарқызы «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында сұхбат берді. Сұхбат барысында ежелгі Тараз тарихына және «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябақ жайлы тың ақпараттармен бөлісті.

12 Нояб 2024
726