Қырғызстан мемлекеті, Алматы, Ақтөбе қалаларынан іссапармен келген "Jana sana" ҚҚ-ның қызметкерлері мен мүшелеріне және де осы қоғамдық қордың жобасына спонсорлық жасап жатқан АҚШ-ның Кентукки қаласынан келген Хью мырзаға "Айша бибі", "Қарахан" тарихи-мәдени кешендері, "Көне Тараз" археологиялық саябағы мен "Қали Жүніс" моншасы бойынша экскурсия жүргізілді.

"Kazagrohambyl-2024" халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі аясында Қырғыз Республикасының су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасарына және де Түркия мемлекеті ауыл шаруашылық министрлігінің қызметкерлеріне "Ежелгі Тараз ескеркіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының республикалық, туристік потенциалы жоғары нысандарына экскурсия жүргізілді.


Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған «Музей экспонаттарын жетекші шетел реставрациялық зертханаларында консервациялау және қалпына келтіру» атты біліктілікті арттыру семинар-курсына кәсіпорынның бас қор сақтаушысы А. Жанбосынова мен суретші-реставраторы Б. Тазан қатысты. Аталмыш семинарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі консервация және реставрация қызметінің қызметкерлері Қазақстаннан тысқары жерлерде, американдық әріптестер ұйымдастырған халықаралық жоба бойынша Ташкентте (Өзбекстан), Санкт-Петербург, Мәскеу және Қазан (Ресей) қалаларында өткен біліктілігін арттыру курстарынан жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, реставрация бойынша игерген қазіргі таңда қолданатын әдіс-тәсілдерін үйретіп, жас реставратор мамандарға әдістемелік бағыт-бағдар берді.

18 Апр 2024
1155