Жаңалықтар
№61 орта мектебінің 7-сынып оқушылары үшін ерекше мазмұнды әрі тағылымы мол дәріс ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы – “Ортағасырлық төменгі Барысхан қалашығы”.
Дәрісті Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизхан жүргізіп, оқушыларды көне қалашықтың тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен және мәдени маңызымен тереңірек таныстырды.
Оқушылар туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына қызығушылық танытып, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, рухани жаңғыру жолындағы қадамдарына серпін береді.
Өткенді тану – болашаққа бастар жол!

Бүгін “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері қала төңірегіндегі республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштерге кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында ескерткіштердің қазіргі жәй-күйін, сақталу деңгейі мен қорғау шаралары тексерілді.
Айта кетейік, мұндай жұмыстар тұрақты түрде, жоспарлы негізде жүргізіліп отырады.
Тарихымыз – аманат!
Бүгін біз ұлтымыздың рухани болмысын байытып, халқымыздың жүрегіне сәуле шашып жүрген мәдениет пен өнер майталмандарын шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, шабыт пен шеберлікке толы шығармашылық жолдарыңыз ұлттың рухын көтеріп, өскелең ұрпаққа өнеге болуда. Сахна мен сахна сыртындағы әрбір ісіңіз — ел игілігіне қызмет ететін асыл мұра.
Мәдениет пен өнер саласында аянбай еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге зор денсаулық, шабыт, шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
№61 орта мектебінің 8-сынып оқушыларына ерекше мазмұнды дәріс өткізілді. Сабақ тақырыбы – “Ғасырдан астам тарихы бар көне мешіт (Нәметбай мешіті)”.
Дәрісті Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар жүргізді.
Оқушылар көне мешіттің тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен және мәдени маңызымен танысып, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың отан тарихына деген сүйіспеншілігін оятып, рухани жаңғыруға бастайды.
Бүгін ерекше бастама – «Әулиеата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедициясы өз сапарын Ежелгі Тараз мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Ақыртас археологиялық сәулет кешенінен бастады.⠀
Жастарға Ақыртас кешенінің бай тарихы мен аңыз-әңгімелерін музей-қорықтың экскурсоводы Ақгүл Алтынбекова таныстырды.⠀
Айта кетейік, бұл экспедиция үшінші жыл қатарынан табысты ұйымдастырылып келеді.⠀
Экспедицияға:





Мақсат – Әулиеата өңірінің тарихи мұраларын, мәдени-рухани құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.