«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Медиа / БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов ашып, жүргізді. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен студенттер қатысты.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Жамбыл облысының тұрғындары белсенді атсалысуда. Экологиялық науқан аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бастамасымен Тараз қаласындағы «Қарахан баба» кенесіне алма ағаштары отырғызылды. Мұндағы мақсат – келген турист, қонақтарға жайлы жағдай жасау. Акцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымынан бөлек, белгілі тарихшылар, мәдениет саласының мамандары , журналистер, қала тұрғындары мен жастар қатысты.
 

Облыстық "Знамя труда" газетінің жаңалықтар беттерінде "Связаны на века" атты тақырыпта мақала жарыққа шықты.(19 сәуір 2022 жыл №45(19106)).

На страницах областной газеты "Знамя труда" была опубликована статья на тему " Связаны на века ". (19 апрель 2022 год №45(19106)).

Облыстық "Арай" газетінің жаңалықтар беттерінде "Ұлы Жібек жолының бүгінгі бағыты" атты тақырыпта мақала жарыққа шықты. (15 сәуір 2022 жыл №15(911)).

На страницах областной газеты "Арай" была опубликована статья на тему " Ұлы Жібек жолының бүгінгі бағыты ". (15 апрель 2022 год №15(911)).