Жаңалықтар
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының” ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандығының бірінші курс студенттеріне «Тараз қалашығы – көне өркениет ордасы» атты танымдық дәріс өткізді.
Бұл дәріс барысында студенттерге көне Тараз қаласының тарихы, археологиялық зерттеулердің нәтижелері мен ескерткіштердің мәдени маңызы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, музей-қорықтың аймақтың тарихи мұрасын сақтаудағы және насихаттаудағы рөлі туралы айтылды.



"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ”Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақеркенің "Оххум қалашығы - ұмытылған өркениеттің іздері" атты мақаласы «Тектұрмас» республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналында жарық көрді.



«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Берікқара қорымы – темір дәуірінің діни-мемориалдық кешені» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – студенттерге темір дәуіріне тән археологиялық ескерткіштердің зерттелу ерекшеліктерін таныстыру, Берікқара қорымының тарихи және мәдени маңызын түсіндіру, сондай-ақ отансүйгіштік пен тарихи мұраға құрмет сезімін қалыптастыру болды.



“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының "Тектұрмас кесенесі – Ислам дәуірі мен Ұлы жібек жолы тоғысындағы киелі орын" атты мақаласы Kazmuseum.kz сайтында жарық көрді!
Толығырақ танысу үшін https://kazmuseum.kz


M. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандыгының бірінші курс студенттеріне "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи- мәдени музей-қорығы "ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке "Жүнісбай мешіті" тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында Тараз өңіріндегі мешіттің тарихи маңызы, сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени құндылығы туралы тың мәліметтер ұсынылды.
11 Қараша 2025
125