Ежелгі Тараз

«Баласағұннан жеткен көне жазу» атты ғылыми-танымдық мақаласы жарық көрді

«Ғұмыр-Дария» газетінің «Әлеует» айдарында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Мадина Ибаділдаеваның «Баласағұннан жеткен көне жазу» атты ғылыми-танымдық мақаласы жарық көрді.
 
Мақалада ортағасырлық Баласағұн қаласының Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи орны, оның Орталық Азия қалаларымен мәдени-экономикалық байланыстары және археологиялық зерттеулер барысында анықталған жазба мұралардың тарихи маңызы қарастырылады