Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

Халықаралық конференцияда Тараз тарихы таныстырылды

08.10.2026
Халықаралық конференцияда Тараз тарихы таныстырылды
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Өзбекстан тарихы мемлекеттік музейінде «Музейтану XXI ғасырда: зерттеулер, дәстүрлер және инновациялар» атты халықаралық конференция өтті.
 
Конференцияға Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің қызметкерлері Гүлмарал Қамбар мен Мадина Мананбайқызы Ибадильдаева қатысып, Тараздың тарихы мен археологиялық зерттелуіне қатысты баяндамаларын ұсынды.
 
Іс-шара барысында музейтану саласындағы зерттеулер талқыланып, мамандар арасында тәжірибе алмасу өтті.
 
Бөлісу: