Ежелгі Тараз
Жаңалықтар

КҮЛТӨБЕДЕН ТАРАЗҒА ЖЕТКЕН КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР

16.09.2026
КҮЛТӨБЕДЕН ТАРАЗҒА ЖЕТКЕН КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрменің ашылу рәсімі өтті.

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған көрме Күлтөбе қалажұртының археологиялық мұрасын таныстырады. Экспозицияда әр кезеңге тиесілі археологиялық жәдігерлер ұсынылған. Олардың қатарында Кушан мемлекетінің Хувишка I тұсында соғылған тиын, XIV–XV ғасырларға жататын кәріз құбырлары, Жәңгір хан дәуірінің тиыны, қыш ыдыстар, XVII–XVIII ғасырларға тиесілі балалар ойыншығы — үскірік және қыш өндірісінде пайдаланылған еңбек құралдары бар.

Көрме барысында келушілер Күлтөбе қалажұртының тарихы, археологиялық зерттелуі және одан табылған жәдігерлер туралы кеңірек мәлімет ала алады.

Көшпелі көрме Тараз қаласында бір ай бойы жалғасады.

Бөлісу: